СҚО-да әйел өзі сатып жіберген сиырын полициямен бірге іздеген

Ол үйінен шыққан кезде қақпаны жабуды ұмытқанын, ал қайтып оралғанда малының жоқ болғанын айтқан. Іздестіру жұмыстарына қызметтік иттер мен дрон жұмылдырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алайда кейін малдың жоғалмағаны анықталды. Әйел сиырды 550 мың теңгеге сатып жіберген, дейді полиция.

Тұрғын сиырды әпкесіне қаржылай көмектесу үшін сатқанын және оны күйеуінен жасыру үшін полицияға жалған хабарлама бергенін айтқан.

Әйел полицияны жалған шақырғаны үшін жауапқа тартылды.

Әйел Сиыр Іздестіру жұмысы полиция

Тақырыпқа жаңалықтар