Спорт4 мамыр 2024, 9:12

Grand Slam турнирі: Мағжан Шамшадин финалға шықты

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық татами шебері Мағжан Шамшадин финалға шықты. 60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Шамшадин жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен кездесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Енді финалда Мағжан Шамшадин Тәжікстан құрамасының өкілі Мұхаммедсалех Куватовпен бас жүлдені сарапқа салатын болады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сонымен қатар бүгін татамиге шыққан қазақстандық Нұрқанат Серікбаев (60 келі) жарысты екінші айналымнан бастағанымен, өкінішке қарай жапондық Хаято Кондодан жеңіліп қалды. Бұл салмақта сынға түскен тағы бір отандасымыз Еламан Сұлтанбай (66 келі) бірінші айналымда өзбек спортшысына есе жіберді. Ал Алмас Ғалымов ширек финалда тәжікстандық Обид Джебовтан жеңіліп, жұбаныш белдесуге қатысу мүмкіндігін алды. Ғалымовтың ендігі қарсыласы - ресейлік Иван Чернякин.

 

Grand Slam Мағжан Шамшадин Финал

Тақырыпқа жаңалықтар