Новости: Grand Slam

Grand Slam - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Grand Slam】 жаңалықтар Arbat media
Назгүл Маратова Grand Slam турнирінің қола жүлдесін жеңіп алды
14 қазан 2024 / Sport

Назгүл Маратова Grand Slam турнирінің қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Назгүл Маратова Әбу-Дабиде (БАӘ) Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды. Назгүл 100 келіден жоғары салмақта ресейлік Анастасия Холодилинамен татамиге шықты.Голден скорда ресейлік дзюдошы үшінші ескертуін алып, жеңіс Назгүлге берілді. Тағы бір қазақстандық Карина Такиева осы ауыр салмақта хорватиялық Хелена Вуковичпен белдесті. 

Grand Slam: Камила Берліқаш жартылай финалға шықты
6 мамыр 2024 / Sport

Grand Slam: Камила Берліқаш жартылай финалға шықты

Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық Камила Берліқаш жартылай финалға жолдама алды.Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, 78 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан Камила жарысты екінші айналымнан бастап, Украина мен Оңтүстік Корея спортшыларынан басым түсті.

Grand Slam: Абылайхан Жұбаназар жартылай финалға шықты
4 мамыр 2024 / Sport

Grand Slam: Абылайхан Жұбаназар жартылай финалға шықты

Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абылайхан Жұбаназар жартылай финалға өтті. Отандасымыз ширек финалда грузиялық Димитрий Гочилаидзені «иппон» ұпайымен жеңді. Сондай-ақ 81 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Абылайхан Тәжікстан мен Грекия балуандарынан да басым түсті.

Grand Slam турнирі: Мағжан Шамшадин финалға шықты
4 мамыр 2024 / Sport

Grand Slam турнирі: Мағжан Шамшадин финалға шықты

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық татами шебері Мағжан Шамшадин финалға шықты. 60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Шамшадин жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен кездесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті.

Дзюдо: Grand Slam, Grand Prix жарысының жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды
14 сәуір 2024 / Sport

Дзюдо: Grand Slam, Grand Prix жарысының жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды

Алматы облысында Қазақстан ұлттық құрама командасының оқу-жаттығу жиыны аясында спортшыларды марапттау шарасы өтті. ҚР Дзюдо федерациясы мәлім еткендей, федерация президенті Қуанышбек Есекеевтің жетекшілігімен өткен кеште 2024 жылғы спорт маусымында жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген спортшылар ақшалай сыйлыққа ие болды.

Дзюдодан Тбилисидегі Grand Slam турнирі: Қазақстан үздік ондыққа енді
25 наурыз 2024 / Sport

Дзюдодан Тбилисидегі Grand Slam турнирі: Қазақстан үздік ондыққа енді

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тбилисиде өткен әлемдік Grand Slam жарысын 1 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтады. Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның нәтижесінде құрама жалпы медаль кестесінде 83 елдің ішінде 7-орынға тұрақтады.

Ғалия Тынбаева Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
23 наурыз 2024 / Sport

Ғалия Тынбаева Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Ғалия Тынбаева Грузия астанасы Тбилисиде басталған дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы бәсекенің қола жүлдегері атанды. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, спортшымыз жүлде жолында Миреиа Лапуерта Комастың (Испания) жауырынын жерге тигізді. Екінші қоланы Қытай спортшысы алды.