Спорт23 қазан 2023, 12:05

Израиль футболшылары Түркиядағы чемпионатта матчқа шықпай қойды

Израильдік «Антальяспор» клубының футболшылары қаза болған палестиналықтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланғаннан кейін «Газиантеппен» ойнаудан бас тартты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Sports.ru-ға жариялады. 

Израиль футболшылары Түркиядағы чемпионатта матчқа шықпай қойды. Шабуылшы Сагив Ехезкель мен жартылай қорғаушы Рамзи Сафури «Антальяспордың» «Газиантепке» (0:1) қарсы ойынына шығудан бас тартты.

Израильмен шиеленіс салдарынан көз жұмған Палестина тұрғындарын еске алу үшін бір минут үнсіздіктің жариялануы бұған себеп болып, израильдік футболшылар бірлескен мәлімдеме де жасаған.

«Ойында Израиль мемлекетін айыптауға бағытталған шара өтетіні туралы ақпарат жетті. Ел құрамасының футболшысы рөлін асқақ тұтатын адамдар ретінде оған қатысуға, тіпті стадионда болуға ниетіміз жоқ. Біз клуб басшылығына өз ойымызды жеткіздік және олар қолдау білдіріп отыр. Мұнда бізді жылы қабылдап жатыр және алдағы жақсы күндері жаңа көпір тұрғызатын жандар қатарынан табылатын боламыз», – делінген мәлімдемеде.

Израиль футболшылары Наразылық түркия Чемпионат

Тақырыпқа жаңалықтар