Спорт17 қараша 2023, 16:21

Криштиану Роналду рекорд орнатты

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду кезекті рекорд жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің топтық бәсекесінде Роналду Лихтенштейнмен өткен матчта гол соқты.

Осылайша, К.Роналду футбол тарихында 38 жасында өз құрамасы үшін 10 гол соққан алғашқы ойыншы атанды.2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алып үлгерген Португалия аталмыш ойында 2:0 есебімен жеңіске жетіп, 27 ұпаймен өз тобында жекедара көш бастап келеді. 19 ұпайы бар, екінші орындағы Словакиядан әлдеқашан қара үзіп кеткен португалиялықтар келесі кездесуін 19 қарашада Лиссабонда Исландия командасымен өткізеді.Криштиану Роналду 

Криштиану Роналду Еуропа чемпионаты Лихтенштейн гол

Тақырыпқа жаңалықтар