Павлодарда автобус жүргізушісін ұрып, бетіне бұрыш баллонын шашқан ер адам ұсталды
Желіде автобуста жолаушы жүргізушіні бірнеше рет ұрып, кейін оның бетіне бұрыш баллонын шашқан видео тараған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Желідегі ақпаратқа сәйкес, жігіт пен қыз жолақысын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін сөзге келіп қалған жігіт жүргізушіге бірнеше рет соққы жасаған.
Жүргізуші есін жиып, қарсылық көрсетуге тырысқанда, шабуылдаушы оның бетіне бұрыш баллонын шашқан.
Оқиға автобус салонында, жолаушылардың, соның ішінде балалардың көзінше болды.
Кейін жүргізуші есікті ашып, жолаушылардың бәрі сыртқа шықты.
Полиция оның ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: