Қонаевта алтыншы сынып оқушысы көз жұмды
Алматы облысының Қонаев қаласында алтыншы сынып оқушысы мектепте ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға 16 қараша күні сағат 12:30–13:00 шамасында, сабақ басталмай тұрып болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы мектептің үшінші қабатындағы баспалдақ қоршауымен сырғанап бара жатып, тепе-теңдігін жоғалтқан. Салдарынан екінші қабаттың алаңына басымен құлаған.
Бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында есінен танып қалған. Оны шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: