Қазақ айтысы қара жамылды: белгілі ақын Әсия Беркенова өмірден өтті
Қазақтың белгілі айтыскер ақыны, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әсия Беркенова қазақ айтысының дамуына елеулі үлес қосқан өнер иелерінің бірі болды. Ол суырыпсалма ақындығымен, тапқырлығымен және қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғаған өткір жырларымен көпшіліктің ықыласына бөленді.
Ақын 1950 жылы 22 сәуірде Қостанай облысының Әулиекөл ауданында дүниеге келген. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітіріп, еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған. 1972–1997 жылдары Қостанай облысындағы Наурызым және Әулиекөл аудандарының мектептерінде ұстаздық еткен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: