Милад Карими Азия чемпионатында күміс медаль еншіледі
Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Милад Карими күміс медаль жеңіп алды. Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Карими көпсайыстан 84.632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға табан тіреген. Алтын медальді әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, филиппиндік Карлос Юло еншіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Өзбекстандық Абдулла Азимов 82.431 ұпаймен турнирдің қола медалін иеленіп қана қоймай, Париж Олимпиадасына жолдама алды.
Карими де, Юло да жолдама мәселесін шешіп қойғандықтан, квота өзбек гимнастына беріледі.
Қазақстандық Дмитрий Патанин 79.598 ұпаймен көпсайыста жүлдеге іліге алмай, тиісінше, Олимпиадаға іріктеуден өткен жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: