Спорт10 маусым 2024, 20:31

Милич Чурчич «Тобыл» командасы бас бапкері қызметінен кетті

Сербиялық маман Милич Чурчич қостанайлық «Тобыл» командасы бас бапкері қызметінен кетті. Қос тарап өзара келісім бойынша еңбек қатынасын бұзу туралы шешімге келді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қостанайлық „Тобыл“ футбол клубы Милич Чурчичке және оның штабына клубта атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіреді. Алдағы мансабында сәттілік тілейміз» деп жазылған хабарламада, - деп жазады Kazinform агенттігі.

43 жастағы бапкер «Тобыл» командасына 2023 жылдан бері жетекшілік етіп келді.

Ол қостанайлық ұжыммен бірге Қазақстан Кубогы және Қазақстан Суперкубогы иегері атанды.

Әзірге Нұрбол Жұмасқалиев бас бапкердің міндетін атқарады.

Нұрбол Жәрдемұлы команда ойыншыларымен, жалпы Қостанай футболының тарихымен жақсы таныс.

Клубтың аңыз ойыншысы екені футболсүйер қауымға белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы ол «Тобылды» жаттықтырған, айдың үздік жаттықтырушысы да атанды.

 

Милич Чурчич Тобыл Бас бапкер қызметтен кетті

Тақырыпқа жаңалықтар