СпортКеше, 16:15

Михаил Шайдоров ISU сыйлығында «Ең үздік костюм» номинациясына ұсынылды

Михаил Шайдоров ISU сыйлығында «Ең үздік костюм» номинациясына ұсынылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері Михаил Шайдоров 2026 жылғы ISU Awards марапатында «Ең үздік костюм» номинациясына үміткер атанды.

Олимпиадада киген қара-көк түсті костюмді қазақстандық дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызы дайындаған. Дауыс беру 18 наурызға дейін жалғасады, ал жеңімпаздар 29 наурызда Прагада өтетін салтанатты рәсімде жарияланады.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров – Қазақстаннан бұл номинацияға ұсынылған алғашқы мәнерлеп сырғанаушы.

Шайдоров форма үздік спорт

Тақырыпқа жаңалықтар