Михаил Шайдоровты жаттықтыруға қанша кетті?
Мемлекет Михаил Шайдоров пен оның командасын жаттықтыруға 263 млн теңге бөлген, деп хабарлайды Arbat.Media.
"2025 жылы спортшы мен оның командасының дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жалпы қаржы көлемі 263 394 581 теңгені құрады. Оның ішінде 19 оқу-жаттығу жиынына, соның ішінде 8-і Қазақстанда және 11-і шетелде өткен жиындарға 47 млн теңге, ал 5 халықаралық жарысқа қатысуға 16 млн теңге бөлінді", - делінген ақпаратта.
Ресми дерекке қарағанда, 2025 жылы спортшының жалпы еңбекақысы 33 989 000 теңгеніқұрады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: