Қазақстан Париж Олимпиадасында үшінші медаль жеңіп алды
Фото: Турар Казангапов
Turar Qazanğapov
Спорт28 шілде 2024, 21:14

Қазақстан Париж Олимпиадасында үшінші медаль жеңіп алды

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық татами шеберінен айласын асырып, қола жүлдегер атанды. Отандасымыз жартылай финалда 24 жастағы бразилиялық дзюдошы Виллиан Лимадан ұтылып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осылайша, 1 алтын және 2 қола медальмен Қазақстан жалпы медальдық есепте 6-шы орында.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызбаев алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырса, екінші белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан айласын асырып, ширек финалға шықтыБұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Ан Баул Рио Олимпиадасында күміс, Токиода қола медальға қол жеткізген.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері.

Кеше, 27 шілдеде Париж татамиіне қазақстандық екі дзюдошы шыққан еді. Әбиба Әбужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта Швеция өкілі Тара Бабулфаттан жеңіліп, алғашқы олимпиадасын 5-орынмен аяқтады.

Ал, Елдос Сметов (60 кг) финалда франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, Олимпиада чемпионы атанған болатын.

Олимпиада — 2024 Ғұсман Қырғызбаев Дзюдо қола жүлде

Тақырыпқа жаңалықтар