Олимпиадада футболдан ширек финалға шыққан құрамалар анықталды
Фото: Мақсат Шағирбаев/ Kazinform
Kazinform
Спорт28 шілде 2024, 20:00

Олимпиадада футболдан ширек финалға шыққан құрамалар анықталды

Париж Олимпиадасында футболдан ерлер арасындағы жарыстың екінші туры аяқталып, ширек финалға шыққан бірқатар командалар анықталды. Алғашқы екі турда сүрінбеген Франция, Испания, Жапония құрамасы ширек финалға жолдама алып үлгерді. Қалған жолдама иегерлері шешуші турда анықталады. С тобында сынға түсіп жатқан Өзбекстан жарысты жалғастырудан шет қалып қойды. Өзбекстандық футболшылар алдымен Испаниядан 1:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Египетке 0:1 есебімен есе жіберді. Енді олар 30 шілдеде Доминикан Республикасымен кездеседі. Бұл ойында жеңіске жеткенімен ширек финалға шыға алмайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Топтық кезең ойындары 30 шілдеде мәресіне жетеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Одан кейін 2 тамызда ширек финал өткізілсе, жартылай финал 5 шілдеге белгіленген.

Ал 3-орын үшін құрамалар 8 тамызда сынға түссе, финал 9 тамызда болады.

Аталған турнирде 23 жасқа дейінгі футболшылардан құралған құрамалар бақ сынайды. Сондай-ақ ол жастан асқан үш ойыншының жарысқа қатысуына болады.

Париж Олимпиадасы футбол ширек финал

Тақырыпқа жаңалықтар