Placeholder
Фото: betnews.by
betnews.by
Спорт21 тамыз 2024, 19:40

«Ордабасының» бас бапкері қызметінен кетті

Шымкенттік «Ордабасы» футбол командасының бас бапкері Александр Седнев қызметінен кетті. Бұл ақпаратты команданың баспасөз қызметі жария етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Александр Седнев «Ордабасының» тізгінін кейінгі 3 жарым жыл ішінде ұстады. Осы уақыт аралығында ол команда жігіттерін 129 матчта алаңға бастап шықты. Оның 63 ойынында жеңіске жетіп, 28 тең ойын тіркелді. 38 рет жеңіліс тапты.

«Ордабасы» Александр Седнев баптаған тұста 2022 жылы Қазақстан кубогін жеңсе, 2023 жылы ел чемпионы атанды.

20 тамыз күні Александр Седнев қорытынды баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді.

Ордабасы Александр Седнев қызметінен кетті

Тақырыпқа жаңалықтар