Палестиналықтарды қолдаған футболшымен келісімшарт тоқтатылды
Немістің «Майнц» клубы палестиналықтарды қолдаған футболшыны клубтан шығарып жіберді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Голландиялық футболшы Анвар Эль-Гази бұдан былай немістің «Майнцында» ойнамайды. Клуб оның келісімшартын бұзды.
"Майнц" бұл шешімді футболшының әлеуметтік желідегі пікірі мен жазбаларына жауап деп атады.
Эль Гази бұған дейін өз жазбаларында «Өзеннен теңізге дейін Палестина азат болады» деген пост жариялаған.
Эль-Гази клубтың шешіміне палестиналықтарды қолдайтын жаңа жазбамен жауап берді.
"Жалғыз қалсаң да, дұрыс нәрсені жақтаңыз. Менің жоғалтқан ақшам Газадағы жазықсыз және қорғансыз адамдардың үстінен төндірілген тозақпен салыстырғанда ештеңе емес", - деп жазды ол.
Эль-Газидің жазғандарына байланысты Кобленц прокуратурасы «қылмыстық құқық бұзушылықтарды мақұлдау арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу» және «өшпенділік тудыру» бабымен іс қозғады.