СпортКеше, 18:59

Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті

Ербол Хамитов Милан–Кортина Паралимпиадасындда парабиатлоннан бірінші орын алды. Ол 4,5 шақырым отырып қуалау жарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл - Ербол Хамитовтың Италиядағы Паралимпиада ойындарындағы екінші медалі. Ол бұған дейін парашаңғы жарысынан қола медаль жеңіп алған.

«Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі. Спортшымызды тарихи жеңісімен құттықтаймыз!», деп хабарлады спорт министрлігі.

Паралимпиада спорт медаль Алтын

Тақырыпқа жаңалықтар