Параспортшы Ақмарал Науатбек Азиада чемпионы атанды
Қазақстандық Ақмарал Науатбек Азия параойындарының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ақмарал Науатбек, парадзюдодан екі мәрте әлем чемпионы J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта жеңіске қол жеткізді.
Финалда қытайлық Ли Лицинді ұтып, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.
«Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: