Спорт24 қазан 2023, 23:27

Параспортшы Нұрдәулет Жұмағали елге бесінші алтынды әкелді

Азия пара ойындарында қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали чемпион атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Н.Жұмағали SB13 санаты бойынша 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1:05.92 нәтижемен мәре сызығын бірінші болып қиды.

Өзбекстандық Фирдавсбек Мұсабеков екінші, тағы бір қазақстандық Нұрали Советқанов үшінші орынға көтерілді.

Қазақстандықтар алтын медаль санын 5-ке жеткізді.

Сонымен қатар батысқазақстандық паратаеквондошы Марьям Сәлімгереева 65 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені жеңіп алды.

 

Нұрдәулет Жұмағали чемпион Алтын IV Азия пара ойындары
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар