Паразиадада Қазақстан қоржынына тағы 4 медаль түсті
Азия параойындарында Қазақстан қоржынына бір күміс, үш қола медаль түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады.
Қазақстандық атлет Ерлан Өтепов парадзюдодан күміс медаль жеңіп алды.
90+ кг салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда Моңғолиядан келген спортшы Ганбат Даштсеранға есе жіберді.
Сондай-ақ қазақстандық спортшы Әлішер Гариполлаев паратаэквондодан қола медаль еншіледі.
Үшінші орын үшін күресте отандасымыз жапониялық палуан Чакир Итоны 34:11 есебімен жеңді.
Жекпе-жек (К44) 80+ кг салмақ дәрежесіндегі паратаеквондошылар арасында өтті.
Ерлан Қонкиев Ханчжоуда өтіп жатқан Азия параойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алды.
Үшінші орын үшін күресте біздің отандасымыз қытайлық палуан Ли Пенді 10:0 есебімен жеңді.
Бәсеке J2 санатында 90+ кг салмақ дәрежесіндегі парадзюдошылар арасында өтті.
90+ кг салмақта өнер көрсеткен Талғат Әжғалиев (J2 санаты) парадзюдодан қола жүлдегер атанды.
Медаль үшін күресте ол индонезиялық спортшыны жеңді.