Париж-2024: Қазақстан туын кімдер алып шығады?
Олимпиадада Қазақстанның туын кімдер алып шығады? Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Азат Имашев айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Париж Олимпиадасы салтанатында Қазақстанның Туын алып шығу міндеті боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға табысталған.
Шымбергенов – бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны, әлем чемпионы (2023 жыл) және Азия чемпионы (2022 жыл). Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысады.
Сафронова Азия чемпионатында (2017) және Азия ойындарында (2014) жеңіске жеткен. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында бақ сынаған.
Париж Олимпиадасы осы айдың 26-сы басталады. Еліміздің еншісінде 25 спорт түрінен 88 жолдама бар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: