Спорт10 мамыр 2024, 12:00

Парижге грек-рим күресінен 4 балуан ғана барады

Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік іріктеу турнирінде грек-рим күресінен ел намысын қорғаған екінші балуанымыз да жолдамадан тыс қалды, - деп хабарлайды Arbat.media

Нақтырақ айтсақ, 67 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Дінмұхамед Қошқар ширек финалда қарсыласына жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ол 1/4 финалында грузиялық Рамаз Зоидзедеге 4:9 есебімен есе жіберді.

Грек-рим күресі:

Стамбулдағы әлемдік турнирге грек-рим күресінен 67 келі салмақта Дінмұхаммед Қошқар мен 97 келі салмақта Юсуф Мациев қатысқан болатын.

Өкінішке қарай, екі балуанымыз да Париж олимпиадасының жолдамасына қол жеткізе алмады.

 

Стамбул Грек-рим күресі 4 балуан

Тақырыпқа жаңалықтар