Қазақстан конькишілері әлем кубогында тарихи жүлдеге қол жеткізді
Конькимен жүгіруден Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде жерлестеріміз алғаш рет командалық спринтте қола жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
Аталған бәсекеде ел намысын Екатерина Аидова, Инесса Шумекова және Алина Дауранова қорғаған болатын.
Нәтижесінде ел қоржынына командалық спринттегі алғашқы жүлделерін жеңіп алды.
1-орын - Нидерланд — 1:27.09
2-орын - Польша — 1:27.79
3-орын - Қазақстан — 1:29.16
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: