Placeholder
Фото: olympic.kz
olympic.kz
Спорт12 тамыз 2024, 0:56

Қазақстан Олимпиада ойындарын жалпы есепте 43-орынмен аяқтады

Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте 43-орннан көрінді. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді. Олимпиданы Қазақстан құрамасы жеті медальмен аяқтады. Алтын жүлдені Олимпиаданың алғашқы күні ел қоржынына дзюдодан 60 келі салмақта Елдос Сметов сыйлаған болатын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ал күміс жүлдені спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыаев және бокстан 80 келі салмақта ел намысын қорғаған Нұрбек Оралдай жеңіп алды.

Қола медальдарды нысана көздеуден командалық жарыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле (тапаншамен 10 метрден ату), дзюдодан 66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев және әйелдер боксынан 51 келі салмақта ел намысын қорғаған Назым Қызайбай жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетсек, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 8 қола медальмен шектелген болатын.

Ал 2016 жылы Рио Олимпиадасында 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) жеңіп алды. Бұл ел спорты тарихында күміс және жалпы жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Өкінішке қарай, Парижде спортшыларымыз жалпы жеті медальға қол жеткізді.

Париж Олимпиадасы 43-орын Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар