СпортБүгін, 16:26

Қазақстан құрамасы дзюдодан Еуропа кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Еуропа кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Данияр Шамшаев (73 келі) алтыннан алқа тақса, Дамир Болатбеков (60 келі) турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ал 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Толқын Тұрсынақынова қола медальға ие болды.

Дзюдодан Еуропа кубогының кезеңі Хорватияның Дубровник қаласында өтті.

спорт шебер медаль Марапат

Тақырыпқа жаңалықтар