Қазақстан спортшыларының 10 тамыздағы жарыс кестесі
Фото: Olympic.kz
Olympic.kz
Спорт10 тамыз 2024, 4:53

Қазақстан спортшыларының 10 тамыздағы жарыс кестесі

Париж Олимпиадасында 10 тамыз, сенбі күні қазақстандық олимпиадашылар спорттың төрт түрінен — еркін күрес, брейкинг, қазіргі бессайыс және велотректен бақ сынайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алдымен 14:00–де еркін күрестен 97 келі салмақта Әлішер Ерғали ел намысын қорғайды. Ол бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен белдеседі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Еркін күрестен жартылай финал 21:15–ке жоспарланған.

Ал 16:30–да қазіргі бессайыстан Елена Потапенко сынға түседі.

19:35–те брейк-данстан жарыс басталады. Онда Әмір Зәкіров ел намысын қорғайды.

Финал Астана уақытмен 00:29–ға жоспарланған

Ол D тобында сынға түседі. Отандасымыз Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен танымал спортшылармен шеберлік байқасады.

20:19–да велотректен ел намысын Андрей Чугай қорғайды.

Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 34-орында тұр.

XXXIII Олимпиада 10 тамыз жарыс кестесі

Тақырыпқа жаңалықтар