Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті өкімге қол қойды.

Президент жанынан құрылған сараптама тобы Қазақстанның ұзақмерзімді даму бағыттары мен басымдықтарын айқындауға атсалысады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Топтың негізгі міндеті – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау.

Сараптама тобының отырыстары кемінде айына бір рет өтеді. Оған мемлекеттік органдардың, ғылыми және іскерлік ортаның, азаматтық қоғамның өкілдері мен өзге де мамандар қатыса алады.

Президент Сараптама тобы Зерттеу талқылау

Тақырыпқа жаңалықтар