Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингі
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) жеке және жұптық сындағы жаңартылған рейтингі жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жаңартылған рейтингте қазақстандық Денис Евсеев алғаш рет әлемдегі үздік 200 теннисшінің қатарына кірді. Өткен аптада Валенсиядағы (Испания) челленджер жарысының жартылай финалына дейін жеткен Д.Евсеев 226-дан бірден 197-ге көтерілді. Осылайша, ең үздік көрсеткішіне қол жеткізген ол Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды.
Александр Бублик 32-орнында қалса, Бейбіт Жұқаев 186-дан 188-ге сырғыды.
Жұптық сында Александр Недовесов 44-орнын сақтаса, Андрей Голубев 61-ден 60-қа жоғарылады.
Елена Рыбакина үздік төрттікте тұр, Юлия Путинцева 69-дан 68-ге шықты.
Жұптық сында Анна Данилина 56-сатыда тұрақтаса, Е.Рыбакина 118-ден 112-ге, Жібек Құламбаева 143-тен 144-ке төмендеді.