Қазақстан хоккей құрамасы АҚШ-тан ойсырай жеңілді
19 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы алтыншы ойынын АҚШ-қа қарсы өткізді. Америкалық хоккейшілер мықты құраманың бірі саналады. Қазірге дейін екі құрама алты мәрте кездессе, қазақстандықтар барлығында қарсыласына есе жіберіп қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бүгінгі кездесуде де АҚШ құрамасы бірден ойын тізгінін өз қолына алуға тырысты. Алғашқы екі кезеңде олар Никита Бояркин қорғаған қақпаға жауапсыз жеті шайба соғып кетті. Олардың қатарынан Мэтт Болди 4, 23, Брэди Ткачук 7, 18. Брок Нельсон 16, Гэвин Бриндли 21, Люк Канин 31-минутта қақпадан саңылау тапты, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Үшінші кезеңде АҚШ құрамасынан Брэди Ткачук 45, Кевин Хейз 46, Джонни Годро 50-минутта гол соқса, оған қазақстандық Әлихан Өмірбеков 47-минутта бір шайбамен жауап берді.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:10 есебімен есе жіберді.
Чехияның Прага және Острава қалаларында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.
Одан кейін ел құрамасы 20 мамырда Польша хоккейшілерімен шеберлік байқасады.