Қазақстандық 10 теннисші әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді
Қазақстандық 10 теннисші әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
WTA рейтингісінде Елена Рыбакина 4-орынға тұрақтады.
Юлия Путинцева жылды 69-сатыда аяқтайтын болса, жұптық сында Анна Данилина 56-да тұр.
АТР рейтингісінде Александр Бублик әлемнің 32-ракеткасы болса, жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орынға жайғасты.
ITF рейтингісінде үздік жүздікке екі теннисші енді. Әмір Омарханов – 57, Асылжан Арыстанбекова 66-сатыда бекіді.
14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингісінде Ева Корышева 50-інші, Томирис Нұржан 91-ракетка болып тұр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: