СпортБүгін, 18:04

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Еліміздің намысын қорғаған семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы командалық сайыста қола медаль иеленді.

Ұлттық құрама сапында алматылық спортшылар Жанат Нәбиев пен Нұрмұхаммед Жайлыбай өнер көрсетті.

Жарыс кезінде қазақстандықтар Иран құрамасын 45:33, Өзбекстан құрамасын 45:43 есебімен жеңіп, құрлық біріншілігінің жартылай финалына шықты.

Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде олар турнир фавориттерінің бірі Оңтүстік Корея құрамасына 34:45 есебімен жол берді.

Азия спорт семсерлесу қола

Тақырыпқа жаңалықтар