Қызылордада із-түзсіз жоғалған 65 жастағы ер адам өлі табылды

Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 65 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Деменцияға шалдыққан ер адам 29 қазан күні үйінен шығып кеткен. Алайда сол күні қайтып оралмаған. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз болып, іздестіру жүргізілген.

Іздеу жұмыстары барысында зейнеткердің мәйіті қала аумағынан табылды. Полиция сот сараптамасының нәтижесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын хабарлады.

“Сот сараптама қорытындысымен мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ”, – делінген полиция хабарламасында.

Қызылорда ер адам тұрғын мәйіт
3 қараша 2026 • Қазақстан жаңалықтары
3 қараша 2026 • Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар