Placeholder
Фото: ҚТФ
QTF
Спорт15 қыркүйек 2024, 9:00

Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогының алғашқы ойын күнінде жеңіліп қалды

Астанада Қазақстан мен Дания құрамалары арасында Дэвис кубогындағы алғашқы ойын күнінің нәтижесі белгілі болды. 14 қыркүйекте өткен бірінші ойында еліміздің ерлер құрамасынан Александр Бублик Эльмер Мёллерге жеңіліп қалды. Есеп - 6:1, 2:6, 2:6. Екінші кездесуде ел құрамасынан Александр Шевченко Август Хольмгренге 6:7, 3:6 есебімен есе жіберді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Енді қалған үш ойын 15 қыркүйекте өткізіледі. Алдымен жұптық сында Александр Недовесов пен Бейбіт Жұқаев Йоханнес Ингилдсен мен Кристиан Сигсгаардпен кездеседі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Содан кейін Александр Бублик Август Хольмгренмен шеберлік байқасса, Александр Шевченкоға Эльмер Мёллер қарсылас болады.

Айта кетсек, Қазақстан мен Дания кездесуінде жеңімпаз болған құрама 2025 жылы ақпанда өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогы Жеңіліс

Тақырыпқа жаңалықтар