Ресей мен Беларусь гимнасттары Олимпиадаға қатыса алмауы мүмкін
Ресей мен Беларусь гимнасттары Париждегі Олимпиадаға қатыса алмауы мүмкін, Еуропалық гимнастика ассамблеясы тыйымды ұзартты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Еуропалық гимнастика одағының бас ассамблеясы Ресей мен Беларусь спортшыларының 2024 жылы Еуропадағы жарыстарға оралуына қарсы дауыс берді.
Ұйым халықаралық гимнастика федерациясының ресейліктер мен белорустарға бейтарап ту астында жарысуға рұқсат берген пікірімен келіспеді.
2024 жылғы Еуропа чемпионаты ресейлік және белорус спортшылары Париждегі Олимпиадаға жолдама алатын негізгі алаң болып табылады.
Сонымен қатар Еуропа елдерінде аталмыш спорт түрінен әлем кубогының бірқатар жарысы өтіп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: