Спорт30 қараша 2023, 10:23

Ризабек Айтмұхан UWW таңдаған үздік 5 балуанның қатарында

Еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған балуанымыз Ризабек Айтмұхан Бүкіләлемдік күрес ұйымы (UWW) таңдаған үздік бес балуанның бірі атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

UWW әлеуметтік желіде болашағынан үміт күттіретін үздік бес балуанды ерекше атаған. 

UWW ұйымының үздік балуандар тізбегінде еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан, бахрейндік Ахмед Тажудинов, әзербайжандық Хасрат Жафаров, жапониялық Акари Фуджинами мен америкалық Амит Элордің есімі аталған. 

 

Еркін күрес UWW Ризабек Айтмұхан үздік балуан

Тақырыпқа жаңалықтар