Ролан Гаррос: Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ширек финалға жолдама алды
17 жастағы қазақстандық тениисші Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық жас теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге екінші айналымда жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю – аустралиялық Хайден Джонспен сынға түсті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Тартысқа толы бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, қазақстандық-ресейлік жұп шешуші сәтте жеңіске жетті – 7:6 (7:4). Екінші сетте Омарханов – Дерепаско үш брейк жасап, матчты жеңіспен тәмамдады – 6:2. Ойын 1 сағат 15 минутқа созылды.
Әмір Омарханов – Тимофей Дерепасконың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Бүгін Парижде Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде 15-орындағы италиялық Ясмине Паолинимен жартылай финал жолдамасы үшін таласады. Бәсеке Астана уақытымен сағат 17.15-ке белгіленген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Ұлыбританиядағы доданы жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың жартылай финалына өтті.