Placeholder Спорттық гимнастикадан әлем кубогында екі алтын медаль алдық
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Sporttı damıtw dïrekcïyası
Спорт8 қазан 2024, 9:34

Спорттық гимнастикадан әлем кубогында екі алтын медаль алдық

Мажарстанның Сомбатхей қаласында аяқталған спорттық гимнастикадан әлем кубогында Ұлттық құрама 2 алтын медаль жеңіп алды. Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, финалдың алғашқы күні тіреніп секіру сайысында Дарья Ясинская жаттығуын тамаша орындап, топ жарды. Ұпай саны - 13.166. Бұл – 20 жастағы Дарьяның Әлем Кубогындағы алғашқы жүлдесі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осыдан кейін тіреніп секіруден ерлер арасындағы сында Асан Салимов қарсыластарынан үздік шықты. Оның ұпайы - 14.300, - деп жазады Kazinform агенттігі.Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ал тұтқалы ат снарядында финалға шыққан Азиз Ильясов 4-орынға, керме жаттығуында Диас Тойшыбек 5-сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, осымен 2024 жылға жоспарланған Challenge Cup series жарыстары аяқталды. Биыл әлем кубогы Анталья, Осиек, Варна, Копер және Сомбатхей қаласында өтті.Sporttı damıtw dïrekcïyası

Спорттық гимнастика Әлем кубогы Алтын

Тақырыпқа жаңалықтар