Темірлан Анарбеков «Фенербахче» қақпашысын болуы мүмкін
Темірлан Анарбеков түркиялық "Фенербахче" қақпашысын алмастыруы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.
"Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков түркиялық клубтардың назарына ілікті.
Түркиялық скаут Али Эмренің пікірінше, ол "Фенербахче" сапындағы Ифран Джан Эгрибаяттың орнын басуға әбден лайық.
“Егер Ифран Джан Эгрибаят командадан ("Фенербахче") кетсе, оның орнын Темірлан Анарбеков басады. Қазіргі таңда ол Чемпиондар лигасындағы үздік үш қақпашының бірі саналады. "Қайрат" сапындағы матчтарда өзін керемет көрсетті, ал Бельгияға қарсы ойында ірі есеппен жеңілістен сақтап қалды. Егер ол қазақстандық емес, бразилиялық болғанда, оның бағасы 10-15 миллион еуроға жетер еді”, – деп жазды Эмре әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: