Тоқаев қазақстандық жас хоккейшілерді құттықтады
Президент Канадада топ жарған қазақстандық жас хоккейшілерді құттықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Team хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турниріндегі жеңісімен құттықтады.
Президент бұл сенсациялық жетістікті отандық спорттағы айтулы оқиға деп атап өтті.
Ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтарды жеңген жас спортшылардың шеберлігі мен жеңіске деген жігеріне ризашылығын білдірді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: