Тоқтарбек Таңатқан Странджа кубогының ширек финалына шықты
Кіші әлем чемпионаты саналатын Болгариядағы Странджа кубогына қатысып жатқан қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан ширек финалға шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол аталған турнирдің 1/8 финалында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Грекия боксшысы Михаил Цамалидиспен жұдырықтасып, оны 4:0 есебімен жарыс жолынан тайдырды. Осылайша қытайда тұратын қандасымыз турнирдің ширек финалына шықты.
Естеріңізге сала кетсек, Тоқтарбек Таңатқан 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сонымен қатар өткен жылы Қытайда өткен Азия ойындарында чемпион атанып қана қоймай, Париж Олимпиадасынң жолдамасын да жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, аталған турнирде Қазақстан құрамасы он салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: