UWW Сұлтан Әсетұлын қазан айының үздік балуаны деп атады
Біріккен күрес әлемі (UWW) қазақстандық грек-рим күресінің шебері Сұлтан Әсетұлын қазан айының үздік балуаны деп атады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сұлтан Әсетұлы (67 келі) жақында Албания астанасы Тиранада Олимпиада бағдарламасына енгізілген күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған еді.
Балуан дүбірлі додада финалға дейін украиналық Олег Халилов, италиялық Стив Момилиа, ресейлік Муслим Имадаев, әзербайжандық Хасан Маммадлиді жеңді.
Финалда түркиялық Мұстафа Йылдырымды 2:1 есебімен жеңді.
Сөйтіп Сұлтан Әсетұлы 23 жасқа дейінгі санатта қазақстандық балуандар арасында тұңғыш əлем чемпионы атанды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: