Спорт31 шілде 2024, 4:33

XXXIII Олимпиада: 30 шілдеде қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті

30 шілдеде Париж Олимпиадаcында қазақстандық жеті спортшы спорттың бес түрінен — стендтік ату, дзюдо, бокс, суға жүзу және садақ атудан жарыс жолына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Стенд атудан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Мария Дмитриенко 73 ұпаймен төртінші орын алды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ал боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) 1/8 айналымда Каллум Питерсті (Аустралия) жеңді. Өте тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер 3-2 есебімен жеңісті қазақ боксшысына берді.

Ұлттық құраманың спортшысы Сәкен Бибосынов (51 келі) алғашқы айналымда түрік боксшысын айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Ал Әділбек Мусин 100 метрге еркін әдіспен жүзуде мәреге сегізінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 49.92 секунд.

Дзюдодан 81 келі салмақтағы Абылайхан Жұбаназар (63 келі), әйелдер арасында (63 келі) салмақта Эсмигүл Куюлова (63 келі) бірінші айналымда жеңіліп қалды.

Садақ атудан команда көшбасшысы Илфат Абдуллин Париж Олимпиадасының жекелей сынынан шығып қалды.

Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар, осылайша медальдар кестесінде 12-ші орынға жайғасты.

XXXIII Олимпиада 30 шілде Қазақстандықтар Нәтиже

Тақырыпқа жаңалықтар