XXXIII Олимпиада: 31 шілдеде қазақстандық жеті спортшы сайысқа түседі
Фото: Kazinform
Kazinform
Спорт31 шілде 2024, 4:36

XXXIII Олимпиада: 31 шілдеде қазақстандық жеті спортшы сайысқа түседі

31 шілдеде Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың бес түрінен — триатлон, стенд ату, бокс, спорттық гимнастика және оқ атудан жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Триатлон11:00. Әйелдер. Екатерина Шабалина

Стендтік ату12:00. Трап. Іріктеу. Әйелдер. Мария Дмитриенко

Оқ ату12:00. 50 метрге ату. Іріктеу. Ерлер. Ислам Сатпаев, Константин Малиновский

Бокс. 57 келі. 1/8 финал14:16. Махмуд Сабырхан – Хосе Кулес Бротос (Испания)

Әйелдер. 75 келіге дейін. 1/8 финал00:36. Валентина Хальзова – Атеина Бибечи Билон (Панама)

Спорт гимнастикасы20:30. Көпсайыс. Ерлер. Милад Карими.

Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал.

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.

Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар. Медальдар кестесінде 12-ші орынға жайғасты.

XXXIII Олимпиада 31 шілде сайыс Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар