XXXIII Олимпиада: Жеңіл атлетикадан ел намысын 4 спортшы қорғайды
Париж паралимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстан намысын кімдердің қорғайтыны анықталды. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығынан мәлім еткендей, Парижге жеңіл атлетикадан 4 пара спортшы барады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Атап айтқанда, Салтанат Әбілқасымқызы, Дастан Мұқашбеков, Жоламан Еламан және Гүлбақыт Қайыржанова жарыс жолына шығады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
2024 жылғы Париж Паралимпиада ойындары 28 тамыз - 8 қыркүйек аралығында өтеді. Ойындардың басталуына 30 күн қалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: