Placeholder
Фото: Sports.kz
Жалғас Жұмағұлов
Спорт30 маусым 2024, 12:00

Жалғас Жұмағұлов — АҚШ грэпплинг турнирінің жеңімпазы

Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов АҚШ-тың Веллингтон қаласында өткен NAGA (Солтүстік Америка грэпплинг ассоциациясы) грэпплинг турнирінде жеңімпаз атанды. Финалдық жекпе-жекте American Top Team командасының намысын қорғаған Ж.Жұмағұлов америкалық Рэймонд Пэйджден басым түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осылайша қазақстандық спортшы NAGA чепиондық белбеуіне ие болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жалғас Жұмағұлов (16-9) аралас жекпе-жектен соңғы сайысын ақпан айында Naiza FC 57 турнирінде өткізді.

Бұл жарыста төрешілердің бірауыздан щешімімен американдық файтер Кливленд Маклинді (17-12) тізе бүктірді.

 

АҚШ Жалғас Жұмағұлов Жеңімпаз грэпплинг

Тақырыпқа жаңалықтар