Placeholder Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирден көрсетіледі
Фото: «Qazsport» телеарнасы
Qazsport
Спорт30 қыркүйек 2024, 15:25

Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирден көрсетіледі

WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 4 қазанда жекпе-жек өткізеді. Қазақcтандық боксшы Жәнібек Qazaq Style Әлімханұлы (15-0, 10КО) кәсіпқой рингтегі 16 жекпе-жегін жаңа зеландиялық Андрей «Renegade» Михайловичке (20-0, 12КО) қарсы өткізейін деп отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жоспарланған жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтеді.Кәсіпқой бокс кешін 4 қазан күні «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Эфир уақыты қосымша хабарланады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жекпе-жекке шығуы керек еді.

Алайда кездесу алдында «Қазақ стилі» салмақ қуамын деп, сәтсіздікке ұшырап, ағзаға су жетіспеушілігінен есінен танып, ауруханаға түскен болатын.

Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайлович Жекпе-жек тікелей эфир

Тақырыпқа жаңалықтар