Жәнібек Әлімханұлының рингке шығатын күні белгілі болды
Кәсіпқой боксшы, WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен күні белгілі болды. Worldboxingnews ақпаратына сәйкес, қазақ боксшысы 19 қазанда Орландодағы (АҚШ) Caribe Royale Resort аренасында өтетін бокс кеші аясында рингке оралуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Бұйырса 4 белбеуді жинаймыз! Екі белбеу қолда, екеуі жолда», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: