Жанкүйерлер Ризабек Айтмұқанды қошеметпен қарсы алды
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Astana akimdik
Спорт31 қазан 2024, 12:00

Жанкүйерлер Ризабек Айтмұқанды қошеметпен қарсы алды

23-29 қазан күндері Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті. 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде 97 келіде Ризабек Айтмұқан алтын медаль еншіледі. Бір айдың ішінде еркін күрестен 2 түрлі санатта қарсылас шақ келтірмеген Ризабек Айтмұқанды жанкүйерлер Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Әлем чемпионы атану – кез келген спортшының арманы, мақсаты. 20 жасымда үшінші рет жаһандық додада қазақтың көк туын желбіреткеніме қуаныштымын. Өкінішке қарай, Париж Олимпиадасына бару бұйырмады. Бірақ 20 және 23 жасқа дейінгі Әлем чемпионатына барып та, топ жардым. Бұл жерде де өзіндік мықты бәсекелестік бар. Жеңемін деген мақсатым болды. Енді ең биік тұғырдан көріну – мен үшін үлкен қуаныш», деді Ризабек Айтмұқан.

Айта кетейік, Ризабек қыркүйек айында Испанияда өткен 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында топ жарса, енді Албания елінен де жеңіспен оралып отыр.

Ризабек Айтмұқан Әуежай жанкүйерлер

Тақырыпқа жаңалықтар