Шымкентте блефаропластикадан кейін әйел бір көзінен айрылды

Шымкентте тиісті сертификаты мен лицензиясы болмай тұрып пластикалық ота жасаған ер адам сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Ол әйелге блефаропластика жасаған. Отадан кейін жәбірленушінің бір көзі толық көрмей қалған.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар оған 3 жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

пластика сертификат Лицензия сот

Тақырыпқа жаңалықтар