Жастар арасындағы ӘЧ: қазақстандық боксшылар 17 медаль алды
Фото: Sports.kz
Sports.kz
Спорт4 қараша 2024, 1:27

Жастар арасындағы ӘЧ: қазақстандық боксшылар 17 медаль алды

Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 17 медаль алды. Әлемдік додада еліміздің ұлдар және қыздар құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 9 қола медальға қол жеткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ел құрамасынан Бексұлтан Боранбек (51 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Өнер Сейілхан (71 келі), Санжарәли Бегалиев (75 келі), Елянур Тұрғанова (50 келі) және Аружан Зейноллаева (81 келі) жеңіс тұғырына көтерілді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ал күміс медаль Ұлдана Таубайға (66 келі) бұйырса, үздік үштікті Диас Берікбай (48 келі), Жансері Көшербаев (57 келі), Расул Асанханов (92 келі), Аслан Елдібайулы (92 келіден жоғары), Әнел Абдрасилова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 келі), Толғанай Касымхан (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі) және Панар Сейітханкызы (81 келіден жоғары) түйіндеді.

 

Жастар ӘЧ қазақстандық боксшылар 17 медаль

Тақырыпқа жаңалықтар